Д. А. Қонаев атындағы тау-кен ісі институты:
• Республикалық нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыру шеңберінде республиканың тау-кен металлургиясы, отын-энергетика және мұнай кешендерін дамытудың мемлекеттік басымдықтары, оларды іске асыру бойынша, Институт құрған техниканың, жаңа технологиялар мен материалдардың тиімділігі жоғары түрлерін игеру және пайдалану көлемі бойынша ұсыныстар әзірлеуге, оларды мемлекеттік басқару органына ұсынуға қатысады;
• Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды, тау-кен жұмысшыларының қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ететін уран кендерін қоса алғанда, пайдалы қазбаларды өндіру және бастапқы өңдеу саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізеді, тау-кен металлургиясын (ТКМК) және отын-энергетика кешендерін (ОЭК)жобалаудың және оңтайлы басқарудың ұтымды нысандарын әзірлейді;
• ТМК және ОЭК ғылыми-әдістемелік және нормативтік қамтамасыз етуге, оның ішінде экологиялық және техникалық қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және жер қойнауын ұтымды пайдалану жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттаманы, ұйымдардың мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттарын, техникалық шарттарды, өлшеулерді орындау әдістемелерін, экологиялық жобаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады, көмір, көмірсутек, кен, техногендік, баланстан тыс шикізатты ұтымды өндіру және бастапқы өңдеу, әзірлеу, кенді, көмірді, көмірсутектерді өндіруге, кенді бастапқы өңдеуге арналған жаңа, неғұрлым тиімді жабдықты жобалау және сынақтан өткізу, сондай-ақ оларды енгізуді қамтамасыз ету;
• Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындайды, жаңа технологиялық процестердің, техника мен аспаптардың тәжірибелік, тәжірибелік-өнеркәсіптік, өнеркәсіптік сынақтарын, Тәжірибелік үлгілерді дайындаудың және сынаудың конструкторлық жұмыстарын жүргізеді, технологиялық жобалауды, инновациялық жобаларды, техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы, жаңа өндірістердің бизнес-жоспарларын және т. б. әзірлеуді жүзеге асырады.
• Жобаларды іске асыруға қаржы қаражатын тарту бойынша даму институттарымен өзара іс-қимыл жасайды.
• ТМК және ОЭК оңтайлы дамуы үшін ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін ғылыми-техникалық насихаттауды жүзеге асырады.
• Ғылыми еңбектерін мемлекеттік, орыс және басқа да тілдерде қазақстандық және шетелдік басылымдарда жариялайды;
• Баспа қызметін жүзеге асырады;
• Республикалық және халықаралық көрмелерді, жәрмеңкелерді, аукциондарды, симпозиумдарды, семинарларды ұйымдастырады, өткізеді және оларға қатысады. Инженерлік-геологиялық ізденістер.