Жас ғалымдар мен мамандар кеңесі
Жетекшісі: Сейдахметова Жанерке Ибадуллақызы-кіші ғылыми қызметкер, институт ғылыми хатшысының көмекшісі. 2015 жылы Қ. И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін "Тау-кен ісі" мамандығы бойынша бітіргесін магистратураға түсті. 2017 жылы магистрлік диссертация қорғады. 2 ғылыми мақаласы бар.
2018 жылдың соңындағы жағдай бойынша Жас ғалымдар мен мамандар кеңесінің құрамына 66 адам кіреді, оның ішінде:
зертхана меңгерушілері-4;
АҒҚ-1;
ҒҚ-3;
ҒҚ қ.а.-1;
КҒҚ-9;
жетекші инженерлер-2;
инженерлер-24.
Біліктілік деңгейі бойынша кеңеске 1 техника ғылымдарының кандидаты, 3 PhD, 3 қызметкер PhD-докторантурада оқиды. Жас ғалымдар жыл сайын шетелдік және қазақстандық басылымдарда мақалалар жариялап, халықаралық конференцияларға қатысады. Жас ғалымдар мен мамандар кеңесінің мүшелері институттың ғылыми-зерттеу қызметіне және қоғамдық өміріне белсенді қатысып қана қоймай, түрлі қайырымдылық акцияларына да қатысады.
Жыл сайын жас ғалымдар мен мамандар кеңесі институт қызметкерлері үшін балалар мерекелері мен жаңа жылдық корпоративтерді ұйымдастырады.